Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық балалар стоматологиялық емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми сайт

МӘМС/ТМККК туралы ақпарат

«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығының негізінде, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі «Студенттің еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама, колледж, кәсіптік-техникалық училище оқушысының ауруы, карантин және баланың болмауының басқа да себептері, мектепке, мектепке дейінгі балалар ұйымына баратын балаларға — 037/У нысаны бойынша беріледі. Осыған байланысты DamuMed қосымшасын мобильді құрылғыға алдын ала жүктеп алуыңызды сұраймыз, себебі бұл қосымшада анықтама электрондық форматта көрсетіледі.

Құрметті пациенттер, қабылдау FaceID арқылы өткізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің  Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында, хаттамасының 3.4-тармағын орындау шеңберінде, атап айтқанда «ТМККК шеңберінде дәрігердің келуін растау тетігін енгізу» Даму Мед бағдарламасына FACE ID енгізілді.

FaceID технологиясы — бұл пациентті сәйкестендіру, пациенттерді қабылдауды растаудың мынадай тетіктерін қамтиды:

— «электрондық үкіметтің» «Цифрлық құжат» сервисі бойынша ұсынылатын 6 таңбалы код бойынша пациентті сәйкестендіру;

— FaceID технологиясын пайдалана отырып пациентті сәйкестендіру.

Бірінші түсіну керек: FaceID тек Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен (ӘМСҚ) жұмыс істейтін емханаларда, мемлекеттік және жеке меншік емханаларда ғана пайдаланылатын болады.

Екінші сәт: тек ересектер ғана сәйкестендіріледі. 16 жасқа дейінгі балалар мұны жасай алмайды, себебі сервис фотосуретті Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорындағы жеке куәліктермен автоматты түрде салыстырады («электрондық үкіметтің» «Цифрлық құжат» сервисі бойынша ұсынылатын 6 таңбалы код бойынша пациентті сәйкестендіру).

Үшіншіден: жүйе емханаға қабылдауға келгендермен жұмыс істейді.

Медициналық көмекті алу үшін қажетті құжаттар: медициналық көмек жеке басын куәландыратын құжатты немесе электрондық құжат сервистен цифрлық құжаттарды (сәйкестендіру үшін) ұсыну  мобильдік қосымшалар арқылы: eGov mobile/ Kaspi.kz — мемлекеттік қызметтер — цифрлық құжаттар.